Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жойқын жер сілкіністері 70% ықтималымен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.
4 наурызда 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды. Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.
“Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жойқын жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады, - делінген ақпаратта.
Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.