05.08.2025
00:16
408
Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр

Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр

Алматыда Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы аумақта Қарғалы өзеніндегі судың түсі өзгергені анықталды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, көпірден өзенге жасыл түсті химиялық зат төгілген болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аталған жайтқа байланысты қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнын тексеріп шықты. Заттың құрамын анықтап, өзеннің қаншалықты ластанғанын білу үшін Экология департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су сынамасын алып, зертханаға жіберді. 

5 тамыз күні қалалық экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, Экология департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, бұл жағдайдың себебін және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізбек.

Қазіргі таңда өзен арнасындағы су табиғи арнасымен ағып жатыр, ластану мен түсінің өзгеру белгілері жоқ,-деп атап өтті әкімдіктен.