Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

2 Сәуір, 04:11 717

2-5 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайға және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД тұрғындар мен туристерден алдағы күндері тауға шықпауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуін шектеу мақсатында "Алматы қ.-Космостанция" автожолындағы Аюсай  бөгетінен жоғары және  "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында  блокбекеттер орнатылған.

Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін  аумақтарда  жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайлары орын алды. Өз кезегінде қар көшкінінің профилактикалық түсіруі жүргізілді. Жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді. Зардап шеккен адам жоқ,-делінген қалалық ТЖД мәліметінде.

ТЖД мен "Қазселденқорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауды сұрайды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: