Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

1 Наурыз 2023, 05:35 717

Наурыз айының басында қауіп сақталатыны ескертілді

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

Алматы облысының тауларында 1-6 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды,- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар екендігі айтылды.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

EL.KZ
Бөлісу: