24.03.2023
19:55
1189
Алматыда қаңғыбас мысықтарға арналған үй орнатылды

Алматыда қаңғыбас мысықтарға арналған үй орнатылды

Пилоттық жоба тұрғындардың өтінімінен кейін басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жақын маңдағы тұрғындар үйлердің қауіпсіздігі мен тазалығын қадағалауға міндеттелді. Қала тұрғындары қаңғыбас мысықтарды тамақтандырады.

Қаланың әр ауданындағы еріктілер, зооқорғау ұйымдарының жетекшілері мониторинг жүргізеді.

Жоба "Animal Security" ҚҚ Медеу ауданының әкімдігімен және Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп жүзеге асқан.