Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

30 Тамыз, 00:15 405

Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 29 тамыз күні сағат 23.00-ден 31 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.

30 тамыз күні сағат 23.00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады, - делінген мәліметте.

Әкімдік маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: