Алматыда қаланы безендіру бойынша үздік дизайн анықталды

13 Наурыз 2023, 20:57 727

Наурыз мерекесіне орай қаланы билбордтармен безендіру бойынша байқау барлық ниет білдірушілер арасында өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазылар алқасының құрамына Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының, жоспарлау және урбанистика басқармасының және Алматы мәдениет басқармасының өкілдері кірді.

Бірінші орын Динара Абраеваға, екінші орын Амантур Бейсенбиновке, үшінші орын Нұржан Ибраевке берілді.

Жеңімпаздардың туындысы Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарына орналастырылады.

EL.KZ
Бөлісу: