17.09.2023
12:47
1455
Алматыда қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланбақ. Биыл салтанатты мерекелер 17 қыркүйекте Абай атындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Бүгін сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді. Фестиваль бағдарламасында алма базары, мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік шоу-бағдарламалар жоспарланып отыр.
 
Сондай-ақ, сағат 15:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі басталады.
 
Ал кешкі сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өз көрермендерін күтеді.