15.09.2024
21:05
1056
Алматыда қала күніне арналған концертке 60 мыңнан астам адам келді

Алматыда қала күніне арналған концертке 60 мыңнан астам адам келді

Алматыдағы Астана алаңында қала күні мен LuxFM радиостанциясының 5 жылдығына орай эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке 60 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрермендер Айқын Төлепберген, Мирас Жүгүнісов, Тұрар Ыдырыс, Қанат Ерлан, Санжар Жұмаситов, Adam, Adil, Ilhan, Asik, Ayree, Qanay, Qali, Jazzdauren, Rise, Bytanat және арнайы Түркиядан келген Murat Yaprak сияқты танымал әртістердің өнеріне тәнті болып қайтты.

Ал фестивальдің ең жарқын жұлдызы - DJ Imanbek болды. Оның өнерімен кеш ерекше жалынды өтті. Беделді Грэмми сыйлығының иегері, әлемдік деңгейдегі жұлдыз әрі музыкалық продюсер Алматы тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтап, мерекеге орай өз туындыларын ұсынды.