Құлдықта болған алматылық қыз басынан өткен оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
КТК арнасының хабарлауынша, оны біреулер ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол орайы келіп, притоннан қашып шығып, полицияға шағымданған. Жедел жеткен құқық қорғаушылар ол жерде басқа қыздардың мәжбүрлі түрде сексуалдық қызмет көрсетіп жүргенін анықтаған.
Құлдықта болған қыздың құлағы жырылып, басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Оның сөзінше, бірнеше күн бойы забір көріп, интим қызмет ұсынуына тура келген.
Алдымен олар мені қазанмен ұрды, содан кейін арқамды ұзартқыш сыммен ұра бастады. Аяқ-қолымды жаралады, – деді жәбірленуші.
Қыздың айтуынша, ол әдеттегідей жұмыстан шығып, үйіне қайтып жатқан. Сол кезде көлік тоқтап, ер адамдар оны көлікке салып алған. Қыздарының үйіне оралмағанын білген туыстары іздеу салған. Жәбірленуші қыз амалын тауып, оларға хабарласып, мән-жайды айтқан көрінеді.
Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.