Алматыда полиция күніне арналған концерт өтті

23 Маусым, 15:11 699

Almaty Theatre-да ішкі істер органдар ардагерлеріне, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың туыстарына, қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындағаннан кейін концерттің шымылдығы ІІД оркестрінің орындауындағы «Гүл Алматым» композициясы және «Сармат» балалар ұжымы мен «Салтанат» би ансамблінің хореографиялық қойылымымен ашылды.

Алғаш рет тәртіп сақшыларының күшімен ІІМ Академиясының курсантынан генералға дейін бір полицейдің даму тарихын сомдаумен мюзикл ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрермендерге театр нөмірлері бар мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Алматы өзінің ерекше әрі қайталанбас келбетін сақтап қана қоймай, жыл санап дамып, өркендеп келеді. Қаланың жетістігіне, құқық тәртібін қамтамасыз етуге және қылмысқа қарсы күреске Алматы полицейлері де лайықты үлес қосып отыр.

Бүгінде Алматы полициясы қылмысқа қарсы шабуылдық күресті жүзеге асыру, құқықтық тәртіпті нығайту және қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай мен мүмкіндіктерге ие. Қазақстанның тәртіп сақшылары – мемлекет пен тұрғындардың қауіпсіздігінің кепілі. Біз қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасай отырып, Отан алдындағы қызметтік борышын адал атқаратын полиция қызметкерлерімен мақтанамыз, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ, концертке «Дос-Мұқасан» ансамблі, Төреғали Төреәлі, Мәди Ахметқожа, Әл-Насыр қатысты. Мереке «Абырой» тобының орындауындағы «Рух» патриоттық әнімен аяқталды.

Бүгінде қазақстандық полицейлер ішкі істер органдарының құрылғанына 32 жыл толуын атап өтіп жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: