Алматыда полиция автобусы жол апатына түсті

1 Тамыз, 10:56 1274

Алматыда полиция автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігі ұшыраған жол апаты бойынша тергеу басталды.

Апат салдарынан «Сузуки» маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: