Алматыда пластикалық бөтелкелер қабылдайтын бірегей фандомат пайда болды

3 Мамыр, 19:35 615

Алматыда Панфилов көшесінде пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар қабылдауға арналған фандомат іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің мәліметінше, жиналғаннан кейін олар қайта өңдеуге жіберіліп, пайдалы тауарлар жасалады. Бұл жоба бұрын қоқыс болған шикізатты қайтадан кәдеге жаратуға арналған.

Жоба Алматы әкімдігінің қолдауымен Freedom Holding Corp компаниясының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Фандоматты іске қосу рәсіміне қатысқан қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров арықтардан күн сайын 60 тонна қоқыс шығарылатынын, оның 30%-ы пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар екенін айтты.

Tastamat әзірлеген фандомат қаптаманың сан алуан түрін тануға қабілетті жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған.

Тұрғындардың Фридом банкінің картасы арқылы ақша алуға немесе қайырымдылыққа жіберуіне мүмкіндігі бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: