Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы іс-шара барысында полицейлер үш ұры мен ұрланған затты сатып алушыны ұстады. Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.
Қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған.
Олар үштік көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.