Үндістан Елшілігінің Свами Вивекнанда мәдени орталығында үнді мәдениетінің фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандағы үнді диаспорасы - үнді мәдениетінің әртүрлі аспектілерін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Үнді қоғамдастығының мүшелері Қазақстанда тұрған кездерінде де,әртүрлі коммерциялық қызметпен айналысып қана қоймай, үнді мәдени дәстүрлерін сақтап келеді. Үнді қауымдастығы - Қазақ халқын үнді мәдениетімен таныстырудың негізгі көзі.
Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) осы бағытта мезгіл-мезгіл әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. SVCC және Қазақстандағы INCHAM Үнді қауымдастығы бірлесе отырып, Алматыдағы көрнекті Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының концерт залында «Парампара – салт-дәстүрлер» атты Үнді мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды.
Үнді қауымдастығы әртістерінің мәдени қойылымдарын, Астана қаласының «Gold Step Би академиясы» билерін және Өзбекстанның көрнекті тобы – «ХАВАС Гурухидің» үнді музыкалық концертін тамашалады. Шараға Алматыдағы қазақ және үнді қауымдастығы қатысты.