Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында 45-50 жас шамасындағы әйелдің денесі табылды. Бұл іске қатысты Алматы полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді, - делінген полиция ақпаратында.