Алматыда өз баласын өлтірген әйел суицид жасады

27 Қаңтар 2023, 12:36 1321

Алматының 42 жастағы тұрғыны ұлын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1981 жылы туған әйел 12 жастағы ұлын бірнеше рет пышақтап, өлтіріп тастаған. Кейін өзін-өзі өлтірген.

«Сондай-ақ сол күні әйелдің бұрынғы күйеуіне аудио хабарлама жолдап, оның ішіне жын кіріп, ұлын қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, олардың мәйіттерін көрген», деді полиция.

Ер адам бұрынғы әйелінің соңғы айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтты.

EL.KZ
Бөлісу: