Алматыда өтетін хоккейден Азия чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

Бүгiн, 13:49 123

2024 жылғы 6-9 қараша күндері Алматыда хоккейден тарихтағы тұңғыш Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Турнирге Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатыспақ. Жарыстар Halyk Arena стадионында болады. Ойындар айналма жүйе бойынша өтіп, жеңімпаз турнирлік кесте нәтижелері арқылы анықталады. 

Төменде жарыс кестесі ұсынылған: 

6 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Қытай

6 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея

8 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея

8 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Қытай

9 қараша 2024, 16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея

9 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Жапония

Мадина Асылбекова
Бөлісу: