Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты аяқталды

19 Тамыз, 01:08 417

Жабылу рәсіміне ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы Атқару комитетінің директоры Андрей Калинин қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Спортшылар мен халық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов мұндай жарыстар елдеріміздің авариялық-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен достық байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлемдік чемпионатқа Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехияның мықты спортшылары қатысты. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері қатысты.

Зарина Арман
Бөлісу: