Алматыда онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды

19 Қаңтар, 17:00 1143

Заңды деп саналатын «Макао» ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісін ҚМА Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратынан жүргізілген.

Ағымдағы жылдың қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді.

Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: