Алматыда нәрестені құтқарған полицияның шені өсті

26 Тамыз 2022, 01:36 1124

Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.

Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарып қалған полицей Нұржан Шатунов полиция майоры шенін алды, - деп хабарлайды El.kz.

"Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор атағын алды", - делінген хабарламада. 

Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.

Бөлісу: