Алматыда мұқтаж азаматтар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етіледі

7 Қазан, 18:37 439

Алматыда жыл басынан бері 2 726 кезекте тұрған азамат коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй кезегінде 43 448 адам тұр. Олардың ішінде: 2 330 – жетім балалар, 7 546 – көпбалалы отбасылар, 18 468 – халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ), 15 104 – бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Биыл 8 айда 2 726 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 1 080 – кезекте тұрғандарға арналған коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үй, 1 348 – жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй, 226 – 2% және 5% жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы тұрғын үй алғандар, 72 – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша. Сонымен қатар, 169,3 млн теңгеге 148 тұрғын үй сертификаты берілді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: