Алматыда мүгедек адамдарға қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

30 Қыркүйек 2023, 16:55 685
Алматыда өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кресло-арбаларға арналған бөлшектерді жөндейтін және ауыстыратын тегін орталық жұмыс істейді. Шеберханада 470 азаматқа көмек көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси"қызметін пайдалана алады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бұл қызметті 100 автомобиль орындайды. «Яндекс Такси» агрегаторы арқылы қызметті іске асыру бойынша пилоттық жоба басталды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау үшін Алматыда Тen Qogam әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 3000-нан астам адамға көмек көрсетілді. Биыл қала бойынша осындай тағы 7 орталық ашылған.
Асқар Таудай
Бөлісу: