Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды

Бүгiн, 15:43 128

Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Медеу аудандық полиция қызметкерлері үш күдіктіні Алматы облысының аумағында қолға түсірді. Олар жақында өзгенің мопедін ұрлап кеткен. Полицияның мәліметінше, қылмыс түнгі сағат үште Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің аумағында болды. Үйдің ауласында тұрған мопедті байқап қалған күдіктілер оны ұрлауды шешкен. Кейіннен қаскөйлер ұрлаған мопедті сатуды жоспарлап, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы мен Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: