Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

10 Тамыз, 18:44 382

Алматыда Момышұлы көшесінің белгілі бөлігі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

@AlmatyJoly-ның жазуынша, 10 тамыз күні сағат 23:00-ден 12 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Дарабоз шағын ауданына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

12 тамыз күні сағат 23:00-ден 14 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Дарабоз шағын ауданынан Мөңке би көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

14 тамыз күні сағат 23:00-ден 16 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Талдыарал, Еспаев, Қ. Шәріпов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: