30.12.2023
22:54
1667
Алматыда мерекелік отшашу қалай өтеді?

Алматыда мерекелік отшашу қалай өтеді?

Алматыда жаңа жылға арналған отшашу демеушілердің қаржысына ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана алаңында отшашуға дейін 31 желтоқсан күні сағат 20.00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті басталады. Бұған қоса, 18.00-ден 20.00-ге дейін Алматының әр ауданында қысқы фестиваль аясында жаңа жылдық концерттік бағдарламалар өтеді.

Отшашу кезінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.