31.12.2024
13:54
791
Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді

Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді

Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма мәліметінше: 1 қаңтар - жолаушыларды тасымалдауға жылжымалы құрамның 50 пайызы шығады.

2–4 қаңтар - қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.

№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршрут өзгермейді, - делінген хабарламада.

Метро - демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.