Алматыда мас полиция қызметкері жол апатына себепші болды

19 Ақпан, 15:09 942

Egovpress Telegram-арнасы 2024 жылғы 19 ақпанда полиция майоры қызметтік автокөлікті басқара отырып, басқа қызметтік автокөлікпен және Toyota автокөлігімен соқтығысқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамның зәрінен «Мефедрон» химиялық есірткі заты табылды, - делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаментінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді.

Алматы полициясы қызметкерлерінің мас күйде жасаған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан босатылды. Бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыс ҚР ІІМ басшылығының бақылауында, - деп хабарлады полиция.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы полициясы басшылықтың бір бөлігін ауыстырған болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: