Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы үштен біріне өседі

10 Тамыз 2023, 03:16 1007

Биылғы жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тиісті шешімді Алматы мәслихаты қабылдады. Жалақысы ұлғаятын сала өкілдері: хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері».

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңгені құрайды.

Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады.

Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: