Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адам сотталмайтын болды

13 Қыркүйек, 11:30 2323

Алматыда күзетшіні көлігімен 3-4 рет басып өлтірген адам түрмеге емес, жындыханаға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады. 

Алматы қаласындағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі күзетішінің өліміне қатысты іс тоқтағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде тарап кетті. Биыл наурыз айынан бастап күдіктіге қатысты ікісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеп-тексеріліп жатқанын түсіндіреміз. Сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысының негізінде, қылмыстық-процессуалдық кодекстің  511-бабы 2-бөлігі 2) тармағына сәйкес күдікті психитриялық көмек көрсететін, арнайы медициналық ұйымда жатыр, - деп хабарлады прокуратура.  

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген.

Айта кетейік, оқиға 29 наурызы күні түнде болған еді.  45 жастағы адам Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі үйіне келіп, шлагбаум жанындағы күзетшіні машинасымен басып, жаншып өткен. Тіпті, көлігінен шығып, ұрып, тепкілеп тастаған. Қайтыс болған күзетшінің артында үш баласы қалды.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: