Алматыда күн сайын арықтан 300 текше метр қоқыс шығарылады

12 Сәуір, 20:32 575

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында коммуналдық қызметкерлер қаланы ретке келтіруді жалғастырып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала көшелерімен бірге, арықтар қыс бойы жиналған қоқыстан тазартылып жатыр.

Коммуналдық инфрақұрылым басқармасы хабарланғандай, күн сайын арықтан 250-300 м3 қоқыс шығарылады.

Арықты тазалаудағы басты мақсат — еріген қар суы мен жаңбыр суының кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп. көшелерді су басуды болдырмау.

Күн сайын арық тазалауға 89 бірлік арнайы техника мен 320 жұмысшы жұмылдырылады. 1167 км-ден астам арық желісіе тазалау керек. Жалпы, Алматыны санитарлық мақсатта тазалау барысында 2318 көше қамтылады.

Зарина Арман
Бөлісу: