Алматыда креативті индустрияларды дамыту мәселелері талқыланды

3 Ақпан, 13:25 697

Бүгін Алматыда Digital Bridge Almaty аясында "креативті индустриялар: шығармашылық өнімдер мен қызметтерді ілгерілету"панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум алаңында сарапшылар креативті индустриялардағы соңғы трендтер мен стратегияларды, көрші елдердегі саланы дамыту тәжірибесін, стратегиялық бастамаларды қолдау мәселелерін талқылады.

Креативті индустрия шикізаттық емес экспортты ұлғайту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске инновациялық тәсілдерді енгізу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады, өз кезегінде тұрақты экономикалық өсудің маңызды элементі болып саналатын орта таптың дамуына жәрдемдеседі.

Панельдік пікірталастар сонымен қатар платформалардың шығармашылық өнімдерді ілгерілетудегі рөлі тақырыбын қозғап, олардың монетизацияға және шығармашылық идеялардың алуан түрлілігіне әсерін атап өтті. Сарапшылар креативті индустрия өкілдерінің дамуын ынталандыру үшін осы саланы мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Digital Bridge Almaty 2024 "Индустрия Х: Болашақтың цифрлық эволюциясы" үш күн бойы жалғасты және 40-тан астам панельдік сессиялардан, 200 спикерден тұрды. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен креативті индустриялар панельдік сессиясы: Шығармашылық өнімдер мен қызметтерді ілгерілету 450-ден астам келушілердің назарын аударды. Бұл мемлекет Басшысының зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық құралдарын қоса алғанда, креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін жағдай жасау, креативті индустриялар орталықтарын ашу және осы сала өкілдерін қолдау шараларының кешенін әзірлеу жөніндегі міндетін жүзеге асыру бағытындағы тағы бір қадам болды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: