Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

30 Шілде, 03:49 409

Алматыда 19 қабатты тұрғын үйдің он алтыншы қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер үй заттары мен жиһаздардың жанғанын анықтаған. Қызыл жалын шарпыған аумақ - 4 шаршы метр. 

Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: