Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында «Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының бастамасымен, мәдениет және ақпарат министрлігі, азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп отыр. Дөңгелек үстелдің мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың байланысын талқылау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заманауи құқықтық сын-қатерлерге жауап беретін практикалық ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Іс-шараға Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарының құқық қорғау және сот органдарының өкілдері, полиция және әділет департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ жиынға үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар, заңгерлер, волонтерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы қатысты.
Жиын бағдарламасы мемлекеттік органдар мен заңгерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен панельдік сессия, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы орынбасарының баяндамасы, ашық пікірталас пен сұрақ-жауап сессиясы, жобаның волонтерлеріне алғыс хаттарды табыстау рәсімі секілді бөлімдерден тұрады.