02.12.2024
01:22
860
Алматыда көкөніс сататын дүңгіршек өртенді

Алматыда көкөніс сататын дүңгіршек өртенді

Алматыда жеке тұрған көкөніс сататын дүңгіршек отқа оранды. Оқиға Бостандық ауданындағы Ш.Айманов көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шақырту бойынша мекенжайға өрт сөндірушілер дереу жеткен. Қызыл жалы аумағы - 15 шаршы метр. Өрт дер кезінде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. 

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.