24.06.2025
22:07
2557
Алматыда кітап көрмесі өтеді

Алматыда кітап көрмесі өтеді

25 маусым күні Алматыдағы Панфилов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында «BOOK VIBE» көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қала әкімдігі іс-шара «ПрочиTime» жобасы аясында қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылатынын атап өтті. 

Келушілерге ұсынылады:

- Белгілі авторлар және жазушылармен кездесулер, олар кітапбы жайлы әңгімелейді;
- Жетекші баспалар қазіргі заманғы және классикалық әдебиеттің жаңа басылымдарының тұсауын кеседі;
- Әдебиетті тереңірек тануға көмектесетін «2 сурет — 1 кітап» интерактивті викториналары;
- Оқу мен мәдениетке байланысты тақырыптар бойынша әдеби пікірталастар мен талқылаулар;
- Қоғам белсенділерімен, жастар қозғалыстары мен «Кітап құмарлар» қозғалысының өкілдерімен кездесулер.

Кітап көрмесінің мақсаты — жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілікті дамыту, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде көрсету, сондай-ақ білім, пікір және шығармашылық идеялармен алмасуға арналған алаң құру.