Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2025 жылғы киножобалар питчингі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ашық қорғау 9-12 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді. Питчингке байқаудың екі кезеңінен сәтті өткен жүзге жуық жоба қатысуда. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілмек.
Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарий жоспары екінші кезеңге өткен. Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң 99 жоба питчингке жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 13 наурызда аяқталды. Биыл көркем, деректі және анимациялық фильм секцияларында барлығы 444 өтінім келіп түсіп, оның ішінде 357 жоба сараптама кеңесінің қарауына жіберілді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары