Алматыда кезекте тұрған 86 отбасы баспаналы болды

11 Маусым, 19:48 400

Алматы қаласында Medeu city ТҮК 20 үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тағы 86 кезекте тұрған жанға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, биыл 25 мамырда алғашқы кезекте тұрған 124 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды, ал 28 мамырда бұл тізімге тағы 164 адам қосылды, 30 мамырда кезекте тұрған 105 жан баспаналы болса, енді кезекте тұрған төртінші лектен 111 адамға 5 маусымда баспана бұйырды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал тобының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланған, оның 400-і жетім балаларға беріледі. Сондай-ақ, пәтерлерді басқа адамдарға жалға беруге және қайта жоспарлауға болмайды. Жаңа пәтерлердің кілтін беру бойынша іс-шаралар жалғасады және жақын арада тағы жүздеген кезекте тұрған жан жаңа тұрғын үйге қоныстанады, - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Перизат Саденова
Бөлісу: