Алматыда кептеліс жоқ – полиция департаменті

23 Қаңтар, 02:20 776

Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полицияның саны ұлғайтылып, учаскелік полиция инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды.

Көлік өткізуді қамтамасыз ету және кептелістерді болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қолмен реттеуге көшті.

Жанармай құю бекеттерінде көлік кептелісі байқалады.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағытындағы жол қозғалысы әдеттегідей жүргізілуде.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: