Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

3 Сәуір 2023, 14:40 765

Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеудің бірінші кезеңі басталды. Жалпы ауданы 2400 гектардан асатын 8 орманды алқап, 144 қала саябағы мен сквер қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

«Алматы қаласының дезинфекция орталығының» қызметкерлері қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының тікелей бақылауымен өңдеу жүргізеді.

Өңдеу жұмыстары ауа-райына байланысты жауын-шашынсыз күндері кестеге сәйкес, таңертең жүргізіледі және 28 сәуірге дейін жалғасады. Өңделетін аумақтардың шекарасына «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» деген ескерту хабарламалары бар тақталар орнатылады. Өңдеудің екінші кезеңі мамыр-маусым айларына жоспарланған.

Бұл жұмысқа «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Қолданылатын дозалар адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Бірақ тұрғындар өңдеуден кейінгі алғашқы үш күнде өңделген жерлерге бармау керек. Өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды.

EL.KZ
Бөлісу: