25.10.2025
17:38
529
Алматыда «Kazakh tazy» монотұқымдық көрмесі өтті

Алматыда «Kazakh tazy» монотұқымдық көрмесі өтті

Оңтүстік астанада Республика күніне орай Қазақы тазысына арналған көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан кинолгтар Одағы ұйымдастырды, деп жазады El.kz интернет порталы.

 Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен 60-тан аса қазақ тазысы қатысты.

Бағдарлама стандартқа сай тұқымдық бағалауға бағытталды: стандарт бөлімдері бойынша экстерьерді сараптау, салыстырмалы рингтер және финалдық орналастыру жүргізілді.

Сараптаманы аңшылық тұқымдар бойынша тәжірибесі бар ұлттық және халықаралық санаттағы судьялар өткізді. 

Рингтерге барлық сыныптар, күшіктерден ардагерлерге дейін қатысты. 

Күн қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Фото: Қазақстан кинолгтар одағы

Көрме нәтижелері:

1. Тұқымның ең үздігі: "Перизат из страны Беловодье"

2. Үздік арлан: Хан

3. Үздік юниор: Найза

4. Үздік күшік: Күміс

Фото: Қазақстан кинолгтар одағы

Монотұқымдық көрме — жай ғана сұлулық шоуы емес. Мұндай іс-шаралар қазақ тазысының сақталуына және асылдыруына, породалық, сондай-ақ жауапты асырау мәдениетін көтеруге бағытталған. 

Бұл — иттерді сәйкестендіру, шығу тегі бойынша есеп жүргізу, жұптастырулар мен күшіктерді тіркеу, денсаулықты бақылау және көрме рингтерінде тұрақты сараптама жасау.

Фото: Қазақстан кинолгтар одағы

Айта кетерлігі, қазақтың дәстүрлі бұйымдарымен әсем безендірілген ұлттық киіз үй қазақы тәсілмен бірге отбасы суреттері үшін жылы да жайлы орынға айналды, қонақтар естелікке қуана суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.