Алматыда көру қабілеті нашар спортшылардың ең сүйікті ойыны саналатын «Голболдан» жарыс өтті

9 Тамыз 2019, 11:44 4378

Алматы қаласының № 108 жалпы білім беру орта мектебінде «Озан» әзірбайжандар қоғамы Жетісу аудандық әкімдігімен бірлесіп Жастар жылына орай «Голбол» спорттық ойынын өткізді.


Ойынның тәртібі бойынша үш ойыншыдан тұратын команда қарсыластарының қақпасына доп салуы тиіс. Ол жай ғана қақпа емес, төңірегіне қоңырау іліп қойған дабылды қақпа.​

Голбол ойыны (Голбол - көзбен көру емес, сезім ойыны) 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде көзінен жарақат алған ардагер-жауынгерлерді оңалту ретінде жүзеге асырылған емдік шара еді. Қазіргі кезде Параолимпиялық ойындар санатына кіреді.

Іс-шара соңында ҚХА мүшелері мен әкімдік қызметкерлері спортшыларды алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапаттады.

Бөлісу: