14.02.2024
11:45
1187
Алматыда ішімдік ішкен әйел перзентханаға «бомба» қойылғанын хабарлаған

Алматыда ішімдік ішкен әйел перзентханаға «бомба» қойылғанын хабарлаған

Алматыда 32 жастағы мас әйел перзентханаға «бомба» қойылды деп хабарлаған,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Хабарласқан әйел №2 перзентханада бомба қойылғанын және жарылуына 12 минут қалғанын айтқан.

Көрсетілген мекен-жайға дереу жарылғыш заттар тобы, патрульдік жасақтар, ТЖД, АТК, Алматы қалалық ҰҚК, Жедел медициналық қызмет қызметкерлері жөнелтілді.

Ғимаратты және оның маңындағы аумақты тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер немесе қауіпті заттар табылмады, - деп жазылған ресми ақпартта.

Ұсталған кезде қылмыскер жарылғыш затты қандай мақсатта хабарлағанын түсіндіре алмады.