Алматыда ірі бизнес орталықтың бір қабаты сүріліп жатыр

13 Тамыз, 20:31 447

Алматыда Мұратбаев көшесіндегі Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен мансардасы сот шешімімен бұзылады. Меншік иесі сот орындаушылардың қатысуымен бұзуды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған.

Әкімдіктегілер жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілгенін, алайда талап орындалмағанын атап өтті. Кейін сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешкен.

Заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында өткен жылдың басынан бері Алматыда «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да 44 заңсыз нысан сүрілген.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: