Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды

19 Желтоқсан 2023, 13:00 1033

Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды, деп хабарлайы El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға алаяқтық туралы бірнеше хабарлама келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу қаржылық интернет алаңында ақшаны криптоволютаға айналдырамын деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі – К.есімді азамат ұсталды. Анықталғандай, жас жігіт алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты қабылдап отырған. Ұстау кезінде күдіктіден 3 телефон, 8 SIM-карта және әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді. Осы дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп жатыр, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке басқа да қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: