Алматыда халықаралық гастрофестиваль басталды

5 Қараша 2023, 11:54 729

Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосты. Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, сонымен қатар, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестивальді Алматы қаласының Туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды. Фестивальде мексикалық, ливандық, американдық, азиялық және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Ал балалар үшін аниматорлар өнер көрсететін арнайы аймақ ұйымдастырылып отыр. 

Мұнда әлемдік деңгейдегі аспазшылардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді.

Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күнге созылмақ.

Асқар Таудай
Бөлісу: