516.91
586.33
6.3

Алматыда гүл дүкені өртке оранды

© Pixabay.com
21 Ақпан 2024, 09:38 833

2024 жылғы 21 ақпан күні таңертең Алматының Достық даңғылында орналасқан гүл дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 8:51-де ауданы 25 шаршы метрді құрайтын дүкен өртенді.

Сағат 9:06-да өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген мәліметте.

Өрт сөндіруге 10 құтқарушы мен екі техника бірлігі жұмылдырылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: