08.01.2025
09:04
984
Алматыда гүл дүкені өртенді

Алматыда гүл дүкені өртенді

Бүгін түнде Алматыдағы гүл дүкендерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күштері 150 шаршы метр алаңды шарпыған өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Министрлік кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұрайды.