Алматыда Герольд Бельгердің 85-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференциясы өтті

24 Сәуір 2019, 00:00 2142

Алматыдағы Достық үйінде М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, «Қазақстан Республикасындағы Wiedergeburt немістер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Алматы ҚХА ғылыми-сарапшылар тобы, ҚР Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы Достық үйінің ұйымдастыруымен «Герольд Бельгердің әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай және «Қайта өркендеу» неміс қоғамының 30 жыл толуына арналды. 

Ғылыми баяндамаларымен және естелік сөздерімен Жазушылар одағының әдеби байланыстар жөніндегі хатшысы, ақын, аудармашы Б. Қанапьянов; Алматы ҚХА төрағасының орынбасары, «Ирныхас» осетин мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы, К. Мамсуров; жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д. Исабеков; ақын, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Ахетов; «Простор» журналының бас редакторының орынбасары Л. Шашкова; Қазақстан Жазушылар одағаның мүшесі А. Ісімақова, Институттың ғылыми қызметкері Г. Орда; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі А. Темірболат; Институттың ғылыми қызметкері А. Хамраев сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Г.К.Бельгердің туындылары мен шығармаларына арналған зерттеулер бойынша көрме ұйымдастырды.

Қатысушылар конференция материалдарының жинағын шығару жөнінде және шығармашылығы мен көпқырлы қоғамдық қызметінде қазақстандық қоғамның рухани мәселелері өзекті, әрі басым болған қазақстандық танымал жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері және әдебиет сыншысы Герольд Бельгерді мәңгі есте қалдыру шаралары туралы Қарар қабылдады.

Бөлісу: