Алматыда фитнес тренерді өлтіріп кетті

19 Шілде 2023, 14:53 875

Алматы қаласында «Fitness Blitz» клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кетті. Наурызбай аудандық полициясында фитнес тренерді өлтіру фактісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 19 шілдеге қараған түні болған. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен тіркелген.

Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: